Среда, 18.10.2017, 21:12
Приветствую Вас Гость | RSS

إن الدين عند الله الإسلام

Форма входа
Посматрите
Поиск

ЖАНАЗА НАМАЗЫНЫҢ ОҚЫЛУ СИПАТЫ

(1) Жүрегіңмен қайтыс болған адамға дұға жасауды ниет етіп, такбиратуль ихрамды тәкбір етіп:  "اَللهُ أَكْبَرُ" «Аллáһу әкбар» -деп айт.

Оң қолыңды сол қолыңның үстіне қой. Содан кейін кіріспе (истифтах) дұғасын оқы.

(2) Сосын, екінші рет тәкбір етіп:  "اَللهُ أَكْبَرُ" «Аллáһу әкбар» -деп айт.

Содан кейін пайғамбарымызға (Ол кісіге Аллáһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат дұғасын оқы.

(3) Сосын, үшінші рет тәкбір етіп: "اَللهُ أَكْبَرُ"  «Аллáһу әкбар» - деп айт.

Содан кейін қайтыс болған адам үшін Аллáһ Тағалаға былайша дұға қыл:

"اَللَّهُمَّ اغْفِرْ لِحَيِّنَا وَمَيِّتِنَا وَشَاهِدِنَا وَغَائِبِنَا وَصَغِيرِنَا وَكَبِيرِنَا وَذَكَرِنَا وَأُنْثَانَا. اللَّهُمَّ مَنْ أَحْيَيْتَهُ مِنَّا فَأَحْيِهِ عَلَى اْلإِسْلاَمِ وَمَنْ تَوَفَّيْتَهُ مِنَّا فَتَوَفَّهُ عَلَى اْلإِيمَانِ"

«Аллáһуммағ-фир лихаийнә уә мәийтинә, уә шәһидинә уә ғаибинә, уә сағиринә уә кәбиринә, уә зәкәринә уә унсәнә. Аллáһумма мән ахиайтәһу миннә фә-ахииһи 'алал-ислам, уә мән тәуәф-фәйтәһу миннә фәтәуәф-фәһу 'алаль-имән».

«Ей, Аллáһ! Біздің тірілеріміз бен өлілерімізді, (жаназаға) қатысушылар мен қатыспағандарды, үлкендеріміз бен кішілерімізді, ерлеріміз бен әйелдерімізді Өзің кешіре гөр!».

(4) Сосын, төртінші рет тәкбір етіп: "اَللهُ أَكْبَرُ" «Аллáһу әкбар»-деп айт.

Сосын,   "اَلسَّلاَمُ عَلَيْكُمْ وَرَحْمَةُ اللهِ" «Әссәләму 'алейкум уә рахмату-Ллáһ»-деп сәлем бер.

Пайғамбарымыз (Ол кісіге Аллáһтың игілігі мен сәлемі болсын) жаназа намазы туралы былай деген: «Кімде-кім жаназа намазына қатысса оған «қырат» сияқты сауап беріледі, ал кімде-кім мәйіт көмілгенге дейін бірге болса оған екі «қырат» сияқты сауап беріледі». «Екі «қырат» дегеніміз не?» - деп сұралғанда, «Екі үлкен тау сияқты» - деп жауап берген.  Бухари-1325, Муслим-945 риуаят еткен.

Пайғамбарымыз (Ол кісіге Аллáһтың игілігі мен сәлемі болсын)  тағы бір хадисінде былай деген: «Мәйітті көмуді жылдамдатыңдар, егерде ол жақсы адам болса, оған жақсылық жасаған боласыңдар, ал егер ол ондай болмаса, жамандықты тезірек мойындарыңнан түсірген боласыңдар». Бухари-1345, Муслим-944.

 

 

Дайындаған Медине қаласындағы Ислам университетінің Қазақстан студенттері

Календарь
«  Октябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 53
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0