Пятница, 29.03.2024, 08:55
Приветствую Вас Гость | RSS

إن الدين عند الله الإسلام

Форма входа
Посматрите
Поиск

Намаз (қазақша)

Намаздарға сақтық қылу

الحمد لله و الصلاة والسلام على نبيينا محمد و على آله أصحابه أجمعين

Барлық мақтау Аллаһқа тән! Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның жанұясы мен барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен салауаты болсын!

Исламның екінші рүкіні намаз. Кімде-кім намазға сақ болса — дініне сақ болғаны. Кімде-кім намазға немқұрайлы болса, немесе оны тастаса— дінін тастағаны. Ақыретте амалдардың ішіндегі ең бірінші сұралатын амал—намаз, егер ол толық болса, басқа ғибадаттар да толық болады. Ал егер ол кем болса, басқасы да кем болады. Содықтан намазға өте сақ болуларыңыз керек. Аллаһ құранда:

{حَافِظُواْ عَلَى الصَّلَوَاتِ والصَّلاَةِ الْوُسْطَى وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِينَ}

«Намаздарға және орта намазға сақ болыңдар әрі намазда Аллаһқа мойынсұнған күйде тұрыңдар»-деді.[1]

Мұсылман адам намаздарын кешіктірмей өз уақытында орындайды. Өйткені Аллаһ намаздың өз уақытында оқылғанын жақсы көреді. Бір күні Ибн Масғұд деген сахаба пайғамбарымыздан: Аллаһ амалдардың қай бірін көбірек жақсы көреді?-деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз : «Өз уақытында оқылған намаз»-деп жауап береді. Әлгі сахаба: Одан кейін ше?- дегенде: «Әке-шешеге жақсылық»-деп жауап береді. Бұл хадистен сахабалардың әрдайым жақсы амалдарды істеуге ұмтылып тұғандарын көреміз. Сондай-ақ Аллаһ Тағала әке-шешенің ақысын өзінің ақысынан кейін қойғанын және исламда әке-шешенің ақысы өте жоғары екенін білуге болады.

Намаз адамға барлық дүние-ақыреттік істеріне жәрдем болады. Өйткені Аллаһ Тағала бізге намазбен және сабырлықпен жәрдем тілеуімізді бұйырып:

{يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اسْتَعِينُواْ بِالصَّبْرِ وَالصَّلاَةِ إِنَّ اللّهَ مَعَ الصَّابِرِينَ}

«Ей иман келтіргендер, сабырлықпен және намазбен Аллаһтан жәрдем тілеңдер! Расында Аллаһ сабыр етушілермен бірге»[2]-деді.

Намазды тастау—дүниеде қорлыққа, ақыретте тозаққа апарады. Өйткені намаз дүниедегі мүміннің қуанышы, ақыреттегі жәннаты. Жәннатқа кірген адамдар тозаққа түскен адамдардан: «Сендерді не нәрсе сақарға[3] (тозаққа) кіргізді?»-деп сұрайды. Сонда олар: «Біздер намаз оқушылардан болмадық, кембеғалы бейшараларды тамақтандырушы да болмадық. Біздер бос сөз айтушылармен бірге құран және пайғамбар туралы жалған жала тоқитын едік. Бізге  өлім келгенше қиямет күнін өтірік дейтін едік»[4]-дейді.

Міне, құрметті жамағат! Намазды тастаудың, оған немқұрайлы болудың нәтижесі осындай! Бұл аятта тозаққа апаратын себептер айтылған, бұның барлығынан адам ұзақ болуы керек, өйткені бұл істер оны тозаққа апарады.

Аллаһ Тағала баршамызды тозақтан сақтап, жәннатқа кіргізсін! Құлшылық–ғибадаттарымызды қабыл етіп қияметте амал дәптерлерімізді оң қолымыздан берсін! Елімізге, жерімізге, әке-шешемізбен бала-шағамызға тыныштық-береке берсін!

Дайындаған: Абдуррахим Сабиев

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 56
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0